Accessibility links

Украинаның тұтынушылары газдан тапшылық көрмейді


Украинаның «Нафтогаз» концерні украиналық тұтынушыларға арналға газдың қысымын шектеуге нұсқау берген жоқ. Ол туралы концерн басшысы Олег Дубина хабарлады.
Украина жағының мәлімдеуінше, елдің газ қоры жеткілікті, тұтынушыларды газбен толық қамтамасыз ету үшін газ қоймаларынан 180 млн. текше метр, тіпті одан көп көгілдір отынды шығара алады.
“Нафтогаз Украины” компаниясы да ресейлік Газпромның үстінен Стокгольмдегі арбитраж сотына қарсы шағым бере алады. Бірақ О.Дубинаның айтуынша, сотқа шағым берудің өзі де Еуропаға арналған Ресей газы транзитінің қысымына ықпал ете алмайды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG