Accessibility links

Бейжің ойындарының алдында Қытайда 1.3 мың адам тұтқындалды


Терроризммен, діни экстремизммен айналысты деген айыптармен өткен жылы Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданында 1.300 адам тұтқындалды.
Қытай билігінің ресми хабарына қарағанда, тұтқындау шаралары Жазғы Олимпиада ойындары кезінде “әлеуметтік тұрақтылықты” қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылды.
Қытайдың осы ауданындағы халық толқауы мен оны басып-жаншу әрекеттері Олимпиаданың дәл қарсаңында болып өтті. Кезінде ресми Бейжің мәлімдегендей, бейберекетті ұйғыр сепаратистері ұйымдастырды. Тұтқындалғандардың басым көпшілігі не сотталуға, не әкімшілік жазаға тартылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG