Accessibility links

Грузия мен Абхазия шекарасында атыс болды


Жексенбі күні таңертең Грузия мен Абхазия шекарасының маңындағы Ганмухури қыстағында кескілескен атыс болды. Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, кісі өлімі болмады. Атысқа соғыс техникасы да тартылды.
Грузияның ішкі істер министрлігі атыс Абхазия жағынан басталды деп айыптап, қарудың барлық түрінен оқ жаудырды.
Гальск ауданының абхазиялық әкімшілігі бұл жанжалды грузин жағының кезекті арандатушылық әрекеті деп бағалап, Ганмухури қыстағына шабуыл жасалғанын теріске шығарды, бірақ кескілескен атыс болғанын растады. Оқиғаның себеп-салдарын ЕуроОдақтың бақылаушылары тергеп көрмекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG