Accessibility links

Израилдың Газа секторындағы соғыс операциясы жалғасып жатыр


Израил күштері Газа аймағын атқылап жатыр

Израил күштері Газа аймағын атқылап жатыр

Израил әскерлері террорға қарсы шабуыл қимылдарын бүгін де жалғастырды. Танк бөлімдері Газа секторының шығысы мен солтүстігінен де кірді, оларға әуеден тікұшақтар қолдау көрсетті.

Израиль Газа секторындағы радикалды Хамас қозғалысын нысанаға алып, әуеден соққы бере бастады.

Осыдан 9 күн бұрын басталған Израиль шабуылдарынан кемінде 510 палестиналық азамат қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.

Сенбі күні Израиль күштері құрлық операциясын бастаған болатын. Содан бері бір Израиль сарбазы қаза тауып, 30-дан астам жауынгер жараланды.

Франция президенті Николя Саркози атысты тоқтату мақсатында бүгін Таяу Шығысқа барады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG