Accessibility links

ҰҚК қызметкерлері Рамазан Есіргеповті ауруханадан ұстап әкеткен


"Алма-Ата инфо" газетінің 21 қараша 2008 жылғы санында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы жайында құпия құжаттардың жариялануы қылмыстық істің қозғалуына түрткі болды.
"Алма-Ата инфо" газетінің 21 қараша 2008 жылғы санында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы жайында құпия құжаттардың жариялануы қылмыстық істің қозғалуына түрткі болды.

«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов Тараз қаласындағы тергеу абақтысында аштық жариялады. Адвокат Анна Пахотаның Азаттық радиосына хабарлауынша, Есіргепов камерада жалғыз отыр.


ЕСİРГЕПОВТİ БİРДЕН ТАРАЗҒА АЛЫП КЕТКЕН

Есіргеповтің әйелі Раушан Алматыдағы кардиология институтында ем алып жатқан «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповті дүйсенбіден бастап екі адам төңіректеп жүріп алғаны туралы айтты.
«Мен қазір институттағылардан сұрап білдім, әлгі екі адам кеше түстен бастап бүгін таңертеңге дейін Рамазан жатқан палатаның алдын торуылдапты. Ал бүгін таңертең Рамазанды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары келіп құжаттарын көрсетіп алып кеткен. Бұл оқиғаны бүгін таңертең әдеттегідей Рамазанның хал-жағдайын білуге барғанда редакцияның жүргізушісі естіп маған хабарлады. Менің ойымша, әлгі адамдар Рамазанды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментіне әкетуі мүмкін. Олар Рамазанға тым болмағанда үйге бір рет қоңырау шалуға да мұрсат бермей алып кеткен. Бұндай стрессті жағдайда қан қысымы күрт көтеріліп кететін жұбайымда қажетті дәрі-дәрмек бар-жоғын да біле алмай отырмын. Дәл қазір оның онсыз да дімкәс денсауылығы қатер үстінде екені шүбәсіз», - деді Раушан сейсенбі күні Азаттық тілшісіне.

Бірнеше сағат өткеннен кейін ҰҚК-нің Алматы департаменті Рамазан Есіргеповтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. "Алма-Ата -Инфо" газетінің бас редакторына қатысты мемлекеттік құпия деректерді жинап жариялағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алу жөнінде шешім қабылданды. Қазір Есіргепов ҰҚК-нің Жамбыл облыстық депатртаментінің тергеу бөлімінде отыр,-" деп, КазТАГ агенттігі ҰҚК-не сілтеме жасай отырып хабарлаған.
Осы мекемеде ем алып жатқан Рамазан Есіргеповті ҰҚК адамдары мәжбүрлеп белгісіз жаққа алып кетті. Алматы, 6 қаңтар 2009 ж.
РАМАЗАН ЕСİРГЕПОВ КУӘДЕН КҮДİКТİГЕ АЙНАЛДЫ

Журналистің әйелі ҰҚК тергеушілері Р.Есіргеповті куәгерден күдіктіге айналдырып, оған ешкімді жолықтырмай қамауда ұстауы мүмкін деп қауіптенеді.
«Менің ендігі бар үмітім тек – журналистерде. Өйткені, олардан өзге жедел ақпарат алатын менің ешкімім болмай тұр, ал емделіп жатқан жерінен күйеуімді ұрлап әкеткен ҰҚК қызметкерлерінің бассыздығынан кейін биліктен қайыр-көмек болады дей алмаймын. Сондықтан, Азаттық радиосы арқылы барлық адал журналистерге қайырылып, бұл оқиғаны аяқсыз қалдырмауға шақырамын. Әсіресе, тараздық журналистерді ескерткім келеді: ҰҚК облыстық департаменті Рамазанды онда ұстап отырмағандарын айтып, сіздерді шатастырмас үшін барлық мән-жайды мұқият анықтауды, кейде әдейі жасалатын қате ақпараттарға сеніп, алданып қалмауларыңызды сұраймын», - деді Раушан Есіргепова.
Осы оқиғаға байланысты қаңтардың 6-сы күні Азаттық тілшілері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы мен Жамбыл облыстық департаменттеріне хабарласқанымен, олардан ешқандай жауап болмады.

"Журналистер қауіп-қатерде" ұйымының жетекшісі Розлана Таукина ҰҚК-нің Рамазан Есіргеповке қатысты әрекеттері "заңсыз деп есептейді. Таукина КазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Рамазанның денсаулығына қауіп төніп тұр деп мәлімдеді.

ТҰТҚЫНДАУҒА ДЕЙİН НЕ БОЛҒАН ЕДİ...
Былтыр 21-ші қараша күні «Алма-Ата инфо» апталық газетінде орыс тілінде жарық көрген «Елді кім басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?» деп аталатын мақалада ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа Жамбыл облыстық департаменті бастығының жолдаған қызмет хаты жарияланған еді. ҰҚК тергеушілері «Құпия» белгісімен жазылған әлгі хатты Есіргеповке салық төлеуден жалтарған деген негізбен жауапқа тартылған тараздық кәсіпкер Сұлтан Махмадов заңсыз жолмен алып берген деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғады.
Рамазан Есіргеповтің зайыбы Раушан (сол жақта) және ұлы Тахнур ҰҚК-нің Алматыдағы департаменті алдында. 1 желтоқсан 2008 ж.
ҰҚК қызметкерлері Рамазан Есіргеповті желтоқсан айының басында Алматыдан Таразға әкетпек болған кезде журналист көліктен қашып шығып, Алматыдағы АҚШ елшілігін бір тәулік паналап, бірақ кейін ол жерден өзі шығып, ауруханаға түскен болатын
24-ші желтоқсанда Рамазан Есіргеповпен Алматы қаласы ҰҚК қызметкерлері кездесіп, оны тараздық кәсіпкер Сұлтан Махмадовтың ісіне қатысты куәгер ретінде жауап беру үшін Таразға баруға көндірген болатын.
Осылайша ол Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің сұрақтарына жауап беру үшін 25-ші желтоқсанда Таразға баруы тиіс еді. Алайда сол күні аяқ астынан Рамазан Есіргеповтің денсаулығы нашарлап, ол қайтадан ауруханаға түскен-тұғын.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG