Accessibility links

Кубада Хемингуэйдің мұрағаты сандық үлгіге көшірілуде


“Бостандық аралы” - Куба – америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің жеке төлқұжат, мұрағат, хат-қағаздарының сандық нұсқаға көшірілген алғашқы үлгілерін жариялады. Әйгілі қаламгер Кубада 20 жылдан астам ғұмырын өткізді.
Хемингуэйдің жеке мұрағатының басы көпшілігі Кубада сақталды. Олар ешқашан жұрт назарына ұсынылған емес, барлығы да сандық нұсқаға көшіріледі. Қаламгердің жеке мұрағаты 2 мыңнан асатын құжаттан тұрады, оның ішінде қолжазбалар мен шығармаларының үлгілері, хаттары, жазушының 3.5 мыңға жуық фотосуреті, оның жеке кітапханасындағы 9 мыңнан астам кітап және т.т.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG