Accessibility links

Кімге Нурик, ал кімге Нұрсұлтан Әбішұлы!


Әзіл жарастырып, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды сынап-мінеуге, сол арқылы көзге көрініп тұрған оғаш жайттарды әр уақытта-ақ сын тезіне салуға болады. Қазақта "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген меңзеп айту, астарлап сөйлеп, ымдап білдіру сияқты сөз құдіреті мен оның күш-қуатын тәрбиелік тұрғыда пайдалану тәсілі бар. Біздің саяси әзіл-оспақ айдарымыз да ел ішіне көп тараған анекдоттарды жинақтап оқырман назарына ұсынып отыру және оны оқырманның өз қоржынындағы әзілдермен де толықтырып отыру мақсатын көздейді. Келіңіз, саяси әзіл-оспақтарды оқып, риясыз бір күліп алған соң, оның қатарына өзіңіз білетін анекдотты да қосып қойыңыз.



Бізге azattyq@rferl.org
мекен-жайына хат жазыңыз.



Мәскеулік таксист қазақшаны қайдан біледі?



Мәскеуде екі қазақ жігіті таксиге отырып жатып, бірі екіншісіне "Ужас мына таксистің рожасы қандай страшный!" дейді. Сонда такси жүргізушісі бірден жұлып алғандай: - Ребята, чем вам моя рожа не нравиться,- дейді. Сонда екі жігіт бір-біріне қарап, "Ойбай, мына таксист қазақша біледі екен" десіпті.



Кімге Нурик, ал кімге Нұрсұлтан Әбішұлы!

Бір күні МАИ қызметкері жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші - бойжеткенді тоқтатады. Ол қыз бірден ұялы телефонын алып, әлдебіреуге шағымдана бастайды:

-Нурик, мені мұнда тоқтатып жатыр, мен өте асығып тұр едім,- деп жыламсырайды.

Сосын ар жақтағы адам телефонды МАИ қызметкеріне бер деп айтады да, қыз телефонын полицейге ұстата салады. МАИ қызметкері не істерін білмей:

-Ну, Нурик, ханшайымыңыз жол тәртібін өрескел бұзды, не істейміз?- дей берсе, ар жақтағы дауыс:

- Оған Нурик, ал саған Нұрсұлтан Әбішұлы боламын?!- дегенде полицей телефонды қызға бере салып, безе жөнелген екен.



XS
SM
MD
LG