Accessibility links

“Газ дауы” бойынша келіссөз 8 қаңтарда Мәскеуде өтеді


“Газ дауы” бойынша Ресейдің Газпромы мен Украинаның Нафтогаз концерндері өзара келіссөзді 8 қаңтар күні Мәскеуде қайта жалғастырады. Ол туралы Нафтогаздың басшысы Олег Дубина хабарлады.
Одан бұрын ЕуроОдаққа төрағалық ететін Чехияның сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киевтен “газ дауын” екіжақты келіссөз арқылы дереу шешуге шақырды.
Газпромның өкілі Еуропаға баратын Ресей газының экспорты 7 есеге азайғанын хабарлады.
Болгария, Грекия, Түркия, Македония, Хорватия, Румыния, Мажарстан, Аустрия және Чехияға баратын Ресей газының транзиті не жартылай, не толық доғарылды.
Газпром Еуропаға арналған газды заңсыз ұрлады деп Киевті айыптаса, Украина оны теріске шығарды. Өз кезегінде Украинаның “Нафтогазы” ресейлік газ монополисін “саяси саудамен айналысады” деп айыптады.
XS
SM
MD
LG