Accessibility links

Дели мен Исламабадтың теке-тіресі ушығып барады


Мумбайдағы террористік қастандық Пәкістан үкіметінің көмегімен іске асырылды деген үнді жағының айыбын ресми Исламабад үзілді-кесілді теріске шығарды.
Одан бұрын Делидегі қауіпсіздік проблемасына арналған конференцияда үнді премьер-министрі Манмохан Сингх: “Пәкістанға бекінген экстремистік “Лашкар-э-Таиба” тобы үкіметтік құрылымдардың көмегінсіз мұндай ауқымды террористік қастандықты ұйымдастыра алмас еді”, -деп мәлімдеген болатын.
Үнді премьері атап көрсеткендей, Пәкістан үкіметі көрші елге қарсы бағытталған “соғыс шоғына май құйып отыр”.
XS
SM
MD
LG