Accessibility links

АҚШ-тың жаңа Конгресінде демократтар басым


Өткен жылдың 4 қарашасында жаңарған Конгресс алғаш рет сейсенбі күні Вашингтонда жиналады.
Конгрестің қос палатасы – Сенатта да, Өкілдер палатасында да Демократиялық партия көпшілік дауысқа ие болды.
Вашингтондағы жиынның қарсаңында жаңа сайланған АҚШ президенті Барак Обама қос палатаның да спикерлерімен келіссөз өткізді. Обама АҚШ экономикасына жан бітіруді көздейтін жаңа ынталандыру шараларын тез қабылдаймыз деген үмітін білдірді.
Жаңа шаралардың ішінде салықты азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделеді. Оған 700 млрд. доллардан астам қаржы бөлінуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG