Accessibility links

Украина: Ресей Еуропаға газ тасымалын доғарды


Украинаның мемлекеттік Нафтогаз компаниясының айтуынша, Ресей еуропалық тұтынушыларға арналған газ тасымалының бәрін тоқтатқан. Румыния, Чехия және Австрия елдері Украина арқылы өтетін Ресейдің газ тасымалы доғарылды деп хабарлады. Сейсенбі күні Еуропа Одағы газ тасымалының қысқаруын “мүлдем қабылдауға келмейді” деп атап көрсетіп, Ресей мен Украинаны газ дауын шешуге шақырды. Бұл екі ел қалыптасып отырған дағдарысқа байланысты бір-бірін айыптады. Украина ресмилерінің айтуынша, екі ел арасындағы келіссөздер бейсенбі күні қайта басталады.
XS
SM
MD
LG