Accessibility links

Ливаннан Израилге зымыран атылды


Израиль полициясының хабарлауынша, бейсенбі күні Израилдің солтүстігіне Ливаннан кемінде үш зымыран атылған. Бұл шабуылдарды кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Осыдан кейін Израиль күштері Ливанмен арадағы шекараға әуеден бірнеше рет соққы берген.

2006 жылы Израиль мен ливандық Хезболла бүлікшілері арасында соғыс болған еді.
XS
SM
MD
LG