Accessibility links

Обама: Егер шұғыл әрекет етпесе, рецессия нашарлауы мүмкін


Жаңадан сайланған президент Барак Обама АҚШ тез арада әрекет жасамаса, жылдар бойы рецессияда болады деп ескертпекші. Алдын-ала жарияланған мәлімдемесіне қарағанда, Обама егер ешқандай шара қолға алынбаса, жұмыссыздық бірнеше есеге көбеюі мүмкін демекші. Обама мен оның кеңесшілері Конгреспен бірге құны 775 миллиард доллар болатын экономикалық ынталандыру жоспарын талқылап жатыр. Обаманың айтуынша, заңшығарушылар осы жоспарды таяу арада мақұлдауы тиіс. Барак Обама қаңтардың 20-да өз қызметіне ресми түрде кіріседі.
XS
SM
MD
LG