Accessibility links

Брюсселде газ мәселесі талқылануда


Еуропа Одағы ресмилері мен Ресей және Украинаның газ компанияларының басшылары бейсенбі күні Брюсселде кездесіп, газ мәселесін талқылауда. Ресей мен Украина газ дауына байланысты бір-бірін кінәлап отыр. Газпром Еуропаға арналған газды заңсыз ұрлады деп Киевті айыптаса, Украина оны теріске шығарды. Өз кезегінде Украинаның “Нафтогазы” ресейлік газ монополиясын “саяси саудамен айналысады” деп айыптады. Ал Еуропа Одағы бұл екі ел тез арада газ дауын шешпесе, олардың бизнес әріптестер ретіндегі абыройы құртылады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG