Accessibility links

Қарағанды қаза болған шахтерлерін еске алуда


Қарағанды мен Абай қаласында қаза болған шахтерлерді еске алу шаралары басталды. Бүгін еске алуға арналып түскі ас берілетін болса, 11 қаңтар күні 23 шахтердің денесі қалған лаваның орында мемориалдық тақта орнатылып, оның ашылуы болмақ. Ол жерде еске алу шараларын өткізу үшін мешіт салынған.
Осыдан бір жыл бұрын 2008 жылдың 11 қаңтарында «Абай» шахтасында жарылыс болып, 30 шахтер қаза болған еді. Шахтерлердің жетеуінінің ғана мәйітін жер бетіне шығару мүмкін болып, қалғандарының денесі жер астында қалды. Үкімет комиссиясы бұдан әрі іздеу шараларын тоқтатуға шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG