Accessibility links

Шымкентте судың тарифі 10% қымбаттады


Шымкентте су мен кәріз тарифі көтеріліп, судың бір текше метрі 52 теңге 44 тиынды құрады, — деп мәлім етті ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Нұрмахан Жолдасов.

Департамент мәліметінше, ҚҚС 13-тен 12% дейін төмендетілгеніне сәйкес коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгеріп, судың тарифі 10% көтерілген. Қала тұрғындары үшін жаңа тариф бойынша ауыз су бергені үшін 38 теңге 60 тиын, кәріз қызметі үшін 13 теңге 84 тиынды құрайды. Қала тұрғындары үшін жиынтық тариф судың бір текше метріне (ҚҚС қоса есептегенде) 52 теңге 44 тиын болмақ.


XS
SM
MD
LG