Accessibility links

БҰҰ Газадағы соғысқа қатысты Қарар қабылдады


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Газа аймағындағы соғысты дереу тоқтату туралы Қарар қабылдады. Хабарға қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің ішінен жалғыз АҚШ дауыс бермей қалыс қалды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс мәлімдегендей, Ақ үй Қарарды толығымен қолдайды, бірақ Газадағы жанжалды реттеудің жоспарын ұсынған Мысырдың іс-қимылының аяғын тосады.
Қарар Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымын дереу бітімге келуге шақырады. Израиль өз жерін зымырандармен атқылауды тыю үшін Газаға басып кірген болатын. Соғыстың барысында 750-ден астам палестиналық азамат пен кем дегенде 13 Израиль азаматы мерт болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG