Accessibility links

“Алма-Ата-ИНФО”-ның бас редакторы 8 жылға кесілуі мүмкін


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті “Алма-Ата-ИНФО” газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповке таққан айыбын қатаңдатты. Ол туралы Азаттық радиосына журналистің қоғамдық қорғаушысы Владимир Воеводин хабарлады.
Тараз қаласында жұма күні болып өткен сотта мәлім болғандай, енді қауіпсіздік комитеті Р.Есіргеповке Қылмыстық кодекстің “мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді заңсыз жинады және жариялады” деген бабының 3-тармағы емес, енді 4-тарағы бойынша айып тағып отыр.
Соған байланысты, -деп мәлімдеді В.Воеводин, - Рамазан Есіргепов 8 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG