Accessibility links

Ресей газы Еуропаға 3 күнде ғана жете алады


Жұма күні Еуропа Комиссиясы мәлімдегендей, Ресей Украина арқылы газ тасымалын қайта жалғастыра салысымен, ол газ Еуропаға кем дегенде 3 күнде келіп жетеді.
Газ тасымалы Мәскеу мен Киевтің “газ дауы” салдарынан тоқтатылып, Еуропаның шамамен 15 мемлекеті көгілдір отынсыз қалған болатын.
Киев Ресей газының өз жері арқылы өтетін транзитін қадағалайтын халықаралық бақылаушыларды орналастыру туралы келісімге келетін болса, Украина арқылы газ транзитін осы күні-ақ қайта жалғастыруға болатынын мәлімдеді.
Мәскеу бақылаушылардың құрамына Газпромның өкілін қосуды Украина арқылы Еуропаға газ экспортын қайта жалғастырудың басты шарты етіп қойған болатын.
XS
SM
MD
LG