Accessibility links

АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Ауғанстанға барды


Бүгін АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Джо Байден Ауғанстанға сапармен барды. Ол мұнда ауған және АҚШ әскери жетекшілерімен келіссөз өткізеді. Ресми хабарларға қарағанда, Джо Байден Ауған президенті Хамид Қарзаймен қатар, осы елдегі АҚШ генералы Дэвид МакКиернан және НАТО бастаған күштермен кездеседі. Байден Ауғанстанға жұма күні көрші Пәкістанға болған сапарынан кейін барып отыр. Сонымен қатар бұл сапар бейсенбі және жұма күндері Ауғанстанның оңтүстігіндегі бүлікшілдер шабуылдарынан 5 американдық әскер қаза болған оқиғадан соң болуда. Джо Байден қаңтардың 20-да жаңа сайланған президент Барак Обаманың инаугурациясынан кейін қызметіне кіріседі.
XS
SM
MD
LG