Accessibility links

Пәкістанда жікшілдік қақтығыстан 7 адам қаза болды


Полицияның хабарлауынша, Пәкістанның солтүстік батысында діни жікшілдік қақтығысынан жеті адам қаза тауып, 10-нан аса кісі жарақат алды. Шииттер мен сүнниттер арасындағы текетірес жұмада басталып, екінші күні Хангу қаласында жалғасты. Қақтығыстың неден басталғаны әлі анықталмай отыр. Сүнниттер басым тұратын Пәкістан халқының 20 пайызын шииттер құрайды. Мұндай діни жікшілдік қақтығысы осыған дейін мыңдаған адамның өмірін әкеткен 1980 жылдардың соңындағы қақтығыста болған.
XS
SM
MD
LG