Accessibility links

Сомали қарақшылары Иранның жүк кемесін қайтарды


Сомали қарақшылары Гонконгта тіркелген Иранның жүк кемесін қайтарды. Қараша айында астық тасып бара жатқан бұл кемені Аден шығанағында қарақшылар басып алған болатын. Иранның мемлекеттік ақпарат көздері жұма күні бұл жүк кемесі босатылғанын, кеменің ішінде болған барлық 25 адамның аман екенін хабарлады. Бірақ оны қайтару үшін ақы төленді ме, жоқ па ол туралы айтылмай отыр. Қазан айында Иран екі ай бұрын сомали қарақшылары ұстап әкеткен сауда кемесін қайтарып алу үшін құн төлеген болатын. Жұма күні Сомали қарақшылары мұнай шикізаты тиелген Саудияның үлкен кемесін босатқан.
XS
SM
MD
LG