Accessibility links

Аббас: Израйль Газадағы жағдайға қатысты жоспарды қабылдауы тиіс


Мысыр елінде Газа секторындағы шабуылдарды тоқтату жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Палестина президенті Махмуд Аббас Израиль Мысырдың арағайындығымен соғысты тоқтату жөніндегі жоспарды қабылдасын, әйтпесе соғыстың жауапкершілігі оларда болады деп мәлімдеді. Кайр қаласында сөйлеген сөзінде Махмуд Аббас атысты тоқтату келісімін Хамас жағы да жалтақтамай қабылдайды деп өзінің үміттенетінін білдірді. Хамас ұйымы да Мысырға өзінің өкілдерін жіберген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG