Accessibility links

Путин: Еуропаға газ одақ бақылау жұмысын бастағанда беріледі


Ресей премьер министрі Владимир Путин Еуропа Одағының бақылаушы тобы газ тасымалын бақылауды бастағанда ғана Ресей газы Еуропаға ағылатын болады деп мәлімдеді. Путин сондай-ақ газ тасымалы қайта қосылған соң егер Украина оны ұрлап жатқанын байқаса, Мәскеу оны қайта тоқтатуы мүмкін деп ескерткен. Оның бұл мәлімдемесі еуропалық топ пен Ресейдің газ тасымалын бақылау жөнінде келісімге қол қоюынан кейін болып отыр. Ол құжатқа Украина қол қойғанда ғана күшіне енеді. Украина Мәскеудің Еуропаға бағытталған газды өзіне бұрып алды деген айыптауларын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG