Accessibility links

Украина газ тасымалын бақылау келісіміне қол қойды


Украина Ресей газының Еуропаға тасымалын қайта жалғастыруға жол беретін келісімге қол қойды. Жексенбі күні Украина премьер министрі Юлия Тимощенко Чехия премьер министрі Мирек Тополанекпен келіссөздерден кейін өзінің хаттамаға қол қойғанын айтып отыр. Ресей премьер министрі Владимир Путин Еуропа Одағының бақылаушы тобы газ тасымалын бақылауды бастағанда ғана Ресей газы Еуропаға қайта жіберілетін болады деп мәлімдеді. Ресей Украинаны Еуропаға делінген газды ұрлады деп айыптап, ресми Киев оны жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG