Accessibility links

Израиль қақтығысты ушықтырмау туралы ескертуге қарамастан, Газа қаласын талқандады


Бүгін Израиль танкілері мен соғыс ұшақтары таң атпастан Газа қаласының маңын талқандады. Осыған дейін Мысырдың арағайындығымен жасалған атысты тоқтату жоспарынан соң Палестина президенті Махмуд Аббас Израилді шабуылдарын тоқтатуға шақырып, әйтпесе соғысқа жауапкершілік Израилдің мойнында болатынын ескерткен. Израилдің басты нысанасындағы Хамас тобы болса атыс-шабыс кезінде бейбітшілік келіссөздерін жүргізе алмайтындықтарын айтып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, Израиль танкілері мен әуе шабуылдарынан үш палестиндік қаза тауып, ондаған адам жараланған. Мамандардың айтуынша, Израиль өзінің әскери соққысында тыйым салынған ақ фосфорды қолданған, бірақ оны Израиль мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG