Accessibility links

Израиль әскері Газада соғысуда, ал билік қақтығысты тоқтатуға дипломатиялық жолды іздестірмек


Соңғы түскен хабарға қарағанда, Израиль қақтығысты тоқтататын дипломатиялық жолды қарастырып жатқанын мәлімдеп отыр. Қорғаныс министрі Эхуд Барак ондағы екі бағыт арасында тұрған қарама-қайшылық жоқ деген. Ол дипломатиялық жол туралы толық мәлімет бермеді, дегенмен оның кеңесшісі Амос Гилад Мысырдың арағайындығымен жүріп жатқан келіссөздерге қатысу үшін Каир қаласына бармақшы.

Газаның солтүстігіндегі Бейт Лахияға болған жексенбі күнгі шабуылдардан кемінде 5 палестиндік қаза тапты. Палестиндіктер екі апта бұрын басталған Израилдің бұл соғысынан 800-ден аса адам қаза болғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG