Accessibility links

Джо Байден Ауған еліне көмектесуге уәде берді


АҚШ-тың жаңа сайланған вице президенті Джо Байден өзінің Ауғанстанға сапарында бұл елге американдықтардың ұзақ мерзімді қолдауы болатынын айтты. Сенбі күні президент Хамид Қарзаймен кездескен Байден терроризмге қарсы күрес, американдық әскер санын көбейту және ауғандық күштерді жабдықтау туралы сөйлескен. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама Ирақтағы соғысты аяқтап, американың әскери күшін Ауғанстанға бұруға сөз берген болатын. Ол президенттік қызметіне қаңтардың 20-да кіріседі.
XS
SM
MD
LG