Accessibility links

Ирақ сайлау туралы дұрыс жазбаған ақпарат өкілдеріне айыппұл салмақшы


Ирақ билігі осы айдың соңында болатын жергілікті сайлаулар туралы бұрмалап жазған журналистер айыппұлға тап болуы мүмкін екенін ескертті. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирақтық ақпарат көздеріне таратылған ол ескерту хатта сайлау туралы дұрыс жазбаған журналист жабдықтарынан айрылуы мүмкін немесе дәл жазбаған хабары үшін қоғам алдында кешірім сұрауға мәжбүр болады делінген. Егер айыппұл төлемесе, ақпараттық ұйымдар да өзінің рұхсатнамасынан айрылады. Ирақтық журналистердің басшысы хабар таратушылардың жұмысына осылай араласуға болмайтынын алға тартады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG