Accessibility links

Перуде шатқалдан автобус құлап, 33 адам қаза болды


Полицияның хабарлауынша, Перудің солтүстігінде таудың тайғанақ жолынан терең сайға құлаған автобус 33 адамның өмірін әкетті. Ел астанасынан 900 шақырым өткенде жауыннан жол анық көрінбей, сырғанақтаған автобус шатқалға құлап кеткен. Құтқарушылар аман қалған 23 адамды шығарып алып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген. Перуде жол сапасының нашарлығы мен жүргізушінің немқұрайлығынан осындай автобус апаттары жиі орын алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG