Accessibility links

«Бриз-М» үдету блогы Байқоңырға жеткізілді


Байқоңырға ақпанда Ресейдің екі байланыс жер серігін ұшыруға арналған «Бриз-М» үдету блогы жеткізілді. «Бриз-М» үдету блогы ғарыштық мақсатты «Протон-М/Бриз-М» зымыранының құрамында «Экспресс-МД1» және «Экспресс-АМ44» жер серіктерін орбитаға шығару үшін пайдаланылады, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен Thales Alenia Space итальяндық бөлімшесі жасап шығарған «Экспресс-МД1» мен М.Решетнев атындағы ақпараттық-спутниктік жүйелер ААҚ Thales Alenia Space француз бөлімшесі жасаған «Экспресс-АМ44» жер серіктері «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11-ақпанында ұшырылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG