Accessibility links

Киев газ транзитіне бақылау орнату туралы келісімге қол қойды


Еуропаға экспортталатын Ресей газының транзитіне халықаралық бақылау орнату туралы жаңа келісімге Украина қол қойды. Ол туралы өзінің арнайы делегациясы дүйсенбі күні таңертең Киевте келіссөз өткізген ресейлік Газпром компаниясының өкілдері хабарлады.
Оның алдында Украина мен Ресей үкіметтерімен телефон арқылы кеңес өткізген соң Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлімдегендей, ресми Киев келісімге Мәскеудің наразылығын туғызған арнайы қосымшасын кіргізбеуге келісті.
Газ транзиті газдың бағасы бойынша уәжге келе алмаған Ресей мен Украинаның “газ дауы” салдарынан толығымен үзілген болатын.
Оған қоса Мәскеу Киевті Еуропаға арналған газды ұрлады деп айыптады. Киев оны теріске шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG