Accessibility links

Газа аймағындағы соғыста 900-ге тарта адам қаза тапты


Газа қаласының маңайында Израиль армиясы мен палестиналық ХАМАС ұйымының арасындағы шайқас жалғасты.
Израиль армиясы басшылығының хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні ХАМАС-тың шептеріне әуеден 12 рет соққы берілді. Жексенбі күні ХАМАС Израильдің елді-мекендерін зымырандармен атқылауын да жалғастырды. Дүйсенбі күні зымырандық атқылау әзірше тіркелмеді.
Израиль Газа аймағына резервтегі әскери бөлімдерін тартты. Бірақ соған қарамастан соғыс қимылдарының жаңа сатысын бастағанын теріске шығарды.
Израильдің соғыс қимылдары басталған 16 күннің ішінде Газа 900-ге тарта адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG