Accessibility links

Токио мен Сеул бірлескен іс-қимыл туралы келіссөз өткізуде


Дүйсенбі күні Жапония мен Оңтүстік Кореяның басшылары әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі бірлескен іс-қимыл тақырыбы бойынша келіссөз өткізуде.
Жапон премьер-министрі Таро Асо мен Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак Қытайдың дүниежүзілік нарықтағы күш-қуатының нығая түсуі жағдайында өз экономикаларының бәсекелестік қабылетін арттыру жолдарын талдау үстінде.
Өткен жылы Жапон теңізіндегі бір топ аралдың төңірегінен шыққан жер дауынан кейін ресми Токио мен Сеулдің арасы біршама суыған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG