Accessibility links

Джо Байден Кабулда ауған президентімен келіссөз өткізді


АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Джозеф Байден күтпеген жерден АҚШ әскерлері орналасқан Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар мен Гильменд облыстарында келіп, әскер басшылығымен тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтары белсенді қимылға көшкен осы облыстардағы ахуалды талқылады.
Кабулда Джо Байден ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөз өткізіп, Кабулдың терроризмге, есірткі саудасына және жемқорлыққа қарсы күресіне АҚШ тарапынан ұзақ мерзімді көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG