Accessibility links

Ауғанстанның экс-президенті Дауд Ханның сүйегі табылды


Ауғанстан билігі өткен ғасырдың 70-жылдары Ауғанстанның президенті болған Мохаммад Дауд Ханның сүйегі табылғанын растады.
Ауған үкіметінің өкілдері Дауд Хан мен оның туыстарының сүйектері өткен жылы Кабул қаласының шетінде табылған көмбеден табылғанын растады. Таяу апталардың ішінде экс-президентті қайта жерлеу салтанатын өткізу жоспарланып отыр.
1973 жылы Ауғанстан патшасы Захир Шахты тақтан құлатқан Дауд Ханның өзін 5 жыл өткен соң елдегі солшыл күштер Совет Одағының қолдауымен ұйымдастырған мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде биліктен құлатып, отбасымен бірге атып өлтірді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG