Accessibility links

Теһран Б.Обаманы Иранға “негізсіз айып тақпауға” шақырады


Иран үкіметі АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обаманы Иранға “негізсіз айыптар” тақпауға шақырды.
Бұл жерде әңгіме ресми Иранның ядролық бағдарламасына Вашингтонның алаңдап отыруы туралы болып отырса керек. Осыған дейін Ақ үй Иран ядролық қару жасап алуды көздейді деп мәлімдеп келді.
Иранның сыртқы істер министрлігінің дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, “Иранның мәселесі” бойынша АҚШ саясатының өзгере қоюын Иран үкіметі “дер кезінде және тиянақты” бағалайды.
Осыған дейін Б.Обама Иранға қатысты әлдеқайды икемді саясат ұстанатынын мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG