Accessibility links

БҰҰ-ның Кеңесі Израильді айыптайтын Қарар қабылдады


БҰҰ-ның адамның құқы бойынша Кеңесі Израильдің Газадағы соғыс қимылдарын ащы сынға алатын Қарар қабылдады.
Африка мен Азияның және Латын Америкасының 33 мемлекеті Израильдің Газада палестиналықтардың құқын бұзғанын тергейтін арнайы комиссия құру туралы Қарарды мақұлады. Еуропаның 13 мемлекеті дауыс бермей қалыс қалса, Канада қарсы дауыс берді. Батыс елдері мәлімдегендей, құжатта Израильдің соғыс қимылдарын бастауына палестиналық ХАМАС ұйымының Израиль территориясын зымырандармен атқылауы себеп болғаны туралы ештеңе айтылмайды.
XS
SM
MD
LG