Accessibility links

Дж.Буш Газадағы соғысты тоқтатудың шартын жариялады


АҚШ президенті Джордж Буш мәлімдегендей, Газа аймағында ұзақ бітімге жету үшін ХАМАС ұйымы Израильді зымырандармен атқылауын доғаруға тиіс.
АҚШ президенті ретінде дүйсенбі күні өткізген ақырғы баспасөз-мәслихатында Дж.Буш осылай деп мәлімеді.
Қайыр қаласында Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер болып қатысатын “халықаралық квартеттің” өкілі Тони Блэр бітімге келуге қажетті шарттардың барлығы дайын деп мәлімдеді.
Өз жағынан Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Ливни ескерткендей, Израильді атқылау жалғасқан кезде, Газадағы соғысты қашан доғару керектігін Израильдің өзі ғана шешуге тиіс.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG