Accessibility links

Алматы облысының 9 тұрғыны қасқырдың шабуылына ұшырады


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыстың 9 тұрғыны қасқырдың шабуылына ұшыраған. Қасқыр тістеп алғандардың бәрі Ұйғыр ауданының адамдары екен. Олар қасқырдың шабуылына айдалада емес, үйлерінің жанында тап болған. Қасқырдан жапа шеккен Сұңқар ауылының екі азаматы аудандық орталық ауруханаға жатқызылған, олардың қазіргі жағдайлары тұрақтанған. Қалған тұрғындарға құтыруға қарсы инъекция егілді.
Аталған департаменттің ақпаратына қарағанда, жергілікті орман қызметкерлері қасқыр аулау жұмыстарына кірісіпті. Аңшылар өлтірген бір қасқыр ветеринарлық зертханаға жіберілген. Ұйғыр ауданының тұрғындары сараптамадан өткізілуде.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG