Accessibility links

Ядролық қарудан азат аймақ туралы заңға қол қойылды


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Бұл заңға сәйкес әр тарап ядролық қару мен жарылғыш заттардың кез-келген түрін ойлап таппауға, өндірмеуге, және сынақ жасамауға, сақтамауға міндеттенеді. Ондай заттармен көмек қабылдамауға тырысады. Өз аймақтарында басқа елдердің радиоактивтік қалдықтарын сақтауға жол бермейді деген міндеттеме қабылдайды.

XS
SM
MD
LG