Accessibility links

Газпром Украина арқылы Еуропаға 76 млн. т.м. газ жөнелтті


Ресейдің Газпром компаниясы Украина арқылы Еуропаға газ жөнелте бастады.
Хабарға қарағанда, Балканға бағытталған газ компрессорлық “Суджа” бекетіне жетіп үлгерді. Газ транзитін сейсенбіден қайта бастау туралы келісімге келгенін ЕуроКомиссияның энергетика мәселесіне жауап беретін мүшесі Андрис Пиебалгс пен Газпром төрағасының орынбасары Александр Медведев хабарлады.
Сейсенбі күні таңертең Украина арқылы өтетін құбырмен 76 млн. текше метр газ жөнілтілді. Оның алдында Брюссельде Украинадан өтетін газ транзитіне халықаралық бақылау орнату туралы келісімге қол қойылды.
XS
SM
MD
LG