Accessibility links

Ресей газы Арменияға Грузия арқылы жете бастады


Газ құбыры жөнделген соң Арменияға Ресей газын жөнелту қайта жалғасты.
АрмРосГазПром компаниясының өкілі Шушан Сардарьян хабарлағандай, газдың экспорты бұрынғы көлеміне бүгін жетуге тиіс.
Ресей газының Арменияға Грузия арқылы өтетін транзиті газ құбырының Грузияның шығысындағы бөлігі істен шыққан соң, 5 күн бойы тоқтап қалды. Бірақ Армения газ қорының жеткілікті болуының арқасында, газдан мұқтаждық көрмеді.
Армения Грузия арқылы тасымалданатын Ресей газына тәуелді.
XS
SM
MD
LG