Accessibility links

Жедел қызмет пен анықтамалық телефондары ауыстырылатын болды


Бұл туралы мәлім еткен Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпаратынша, Қазақстанда 2009 жылғы 9 қаңтар мен 31 наурыз аралығында анықтамалық қызметтердің, ал 15 наурыз бен 15 маусым аралығында жедел қызметтердің телефон нөмірлері өзгеретін болды.

2009 жылғы 15 наурыздан бастап апаттық-құтқару және жедел қызметтерге қол жеткізілім нөмірлерін ауыстыру жүргізіледі: Қазақстанның барлық қалаларында 01 (101-ге ), 02 (102-ге), 03 (103-ке), 04 (104-ке), 051 (112-ге), сондай-ақ 09 қызметі (118-ге) ауыстырылады. Сол кезден бастап Алматыда бір уақытта анықтамалық-ақпараттық, тапсырыстық, апаттық-құтқару және жедел қызметтерінің нөмірлері бірден өзгеретілетін болады.

Апаттық-құтқару және жедел қызметтеріне хабарласудың ескі және жаңа нөмірлері 2009 жылғы 15 маусымға дейін қатар жұмыс істейді, бұдан соң жедел қызметтерге хабарласудың ескі нөмірлері пайдаланудан шығарылатын болады. Бұл шара телефон нөмірлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында іске асырылмақ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG