Accessibility links

77 адам қар қамаудан шығарылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт елдімекенінен 7 шақырым жерде 13 жүк автокөлігі, 2 кезекшілік автобусы мен 8 жеңіл көлік қарға қамалып қалған.

ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығының көмегімен жолаушылар вагоны бар тепловоз Бейнеу ауылына 77 адамды жеткізген, олардың арасында Ресей және Өзбекстан азаматтары да бар. Олардың бәрі де ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, мейманханаларға орналастырылған.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шетпе - Сайөтес, Бейнеу -Сайөтес, Бейнеу - Опорный, Шетпе - Манат және Бейнеу - Ақжігіт жолдары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасымен арадағы шекараға дейінгі жол жабылды.


XS
SM
MD
LG