Accessibility links

Астана соты Ж.Күлекеевтің жазасын күшінде қалдырды


Астана қалалық сотының алқасы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевтің қылмыстық ісі бойынша оның адвокаты берген жеке және аппеляциялық шағымдарын қарап, Сарыарқа аудандық сотының 2008 жылы 13 қарашада шығарған үкімін күшінде қалдырды.
Аудандық сот Ж.Күлекеевті қаржы полициясының таққан 4 айыбының үшеуі бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыратын және жазасын жалпы тәртіпті колонияда өтесін деген үкім шығарды. “Пара алды” деген айып бойынша Ж.Күлекеев ақталды. Сонымен қатар сот шешімі бойынша ол 5 жыл бойы басшылық қызмет атқара алмайды.
Журналистерге оның адвокаты Сәлімжан Мусин хабарлағандай, ол Астана қалалық сотының қадағалаушы алқасына шағым береді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG