Accessibility links

Алматыда сот “Тасжарған” газеті мен журналистің ісін қарайды


Бүгін, сондай-ақ, Алматы қаласының медеу аудандық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтың “Тасжарған” газеті мен журналист Алмас Көшербаевтың үстінен берген арызы қаралуға тиіс. Арыз беруге оппозициялық басылымда шыққан “Бедный латифундист” немесе “Қайыршы ірі жер иесі” мақаласы себеп болды.
Өткен жылдың соңында Р.Мадинов өзінің ар-ұжданы мен абыройын қорғауды өтініп, “Тасжарған” газеті мен мақаланың авторы А.Көшербаевтың үстінен шағым жазды. Депутат басылымның есеп-шотын жауып, өз пайдасына 300 млн. теңге моральдық өтемақы төлетуді талап етеді.
Баспасөз құралдарын қорғаушы ұйымдар мақала нанның бағасын көтерудің экономикалық негіздемесі туралы пікірталас туғызу, сараптама сарында және нақты бір тұлғаны қаралау емес, сөз болып отырған проблемаға назар аудару мақсатында жазылған деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG