Accessibility links

Пәкістан премьері үнді жағы жіберген істі төмен бағалады


Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани Үндістанның Мумбай қаласындағы террорлық шабуыл туралы ресми Дели жіберген құжаттарды “айғақтар емес, жай мәліметтер” деп бағалап, ол істің маңызын түсірді.
Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, ол құжаттар 164 адамды Пәкістаннан келген содырлардың қырғанын бұлтартпай айғақтайды. Алайда Юсуф Гилани Пәкістан жағының ол іспен әлі танысып жатқанын мәлімдеді. Ол, сонымен бірге, екі елді “прагматикалық ынтымақтастық” құруға шақырды.
XS
SM
MD
LG