Accessibility links

ЕҚЫҰ журналист Р.Есіргеповтің тағдырына алаңдайды


Сәрсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі бойынша өкілі Миклош Харашти ресми Ақорданы мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді заңсыз жинап, жариялады деген айыппен абақтыға жабылған журналисті босатып, өзінің тиесілі заңдарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге шақырғанын мәлімдеді.
“Алма-Ата-ИНФО” газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов – емделіп ауруханада жатқан жерінен 6 қаңтар күні тұтқындалып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің Тараз қаласындағы тергеу абақтысына жабылды.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тажинге жолдаған хатында М.Харашти “Ең бірінші әрі маңызды қадам ретінде мен сіздің өкіметіңізден журналисті босатуын өтінемін”, -деп жазды.
XS
SM
MD
LG