Accessibility links

Астанада Қазақстан мен АҚШ-тың қорғаныс вице-министрлері жүздесті


Сәрсенбі күні Қазақстанның қорғаныс министрлігінде қорғаныс вице-министрі Болат Сембинов пен Астанаға сапармен келген АҚШ-тың Орталық басшылығының қолбасшысы Дэвид Петреус кездесті.
Б.Сембинов хабарлағандай, оның барысында АҚШ пен Қазақстанның әскери-техникалық ынтымақтастықтың 2008-2012 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары туралы өткен жылдың ақпанында қол қойылған келісімнің орындалу барысы талданды.
Генерал Петреустің айтуынша, Қазақстан – АҚШ делегациясының Орта Азияға сапары барысында аялдаған бірінші ел және бұл Қазақстанның осы аймақта ғана емес, бүкіл әлемде маңызды рөл атқаруын мойындау болып табылады.
Д.Петреус қазақ қарулы күштерінде іске асырылып жатқан сапалық өзгерістерді, оның ішінде 2007 жылы қабылданған жаңа әскери доктринаны, әскери білім беру мен кәсіби армияға көшу істерін жақсы бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG